Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
1. «Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 440-құжат). 2. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 520-құжат). 3. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 20-құжат). 4. «Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 22-құжат). 5. «Су объектілеріне зиянды эсерлердің рұқсат етілетін шекті нормативтерін әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 50 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 24-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|