Қазақстан Республикасы Президентінің (2020.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Жарлыққа түсініктемені, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсынудың, ресімдеудің және берудің әдістемені қараңыз
Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін: ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын. ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже; 4) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы; 5) Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы; 6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|