Осы редакция 2019 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 302 қаулысымен бекітілген
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық наркологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО). 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ХҚО-да - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; денсаулық сақтау ұйымдарда - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11304 болып тіпкелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген, 2-қосымшасына сәйкес дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып,нысандары бойынша анықтама беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|