Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Абай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы
Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 89 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулы Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

А. Каримов

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Абай облысының әкімдігінің

2023 жылғы 4 мамырдағы

№ 89 Қаулысына

Қосымша

 

 

Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну

нормалары

 

Р/с №

Газ тұтыну сипаттамасы (тауарлық газ)

Өлшем бірлігі

Газ тұтыну нормасы

1.

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде

1 адамға айына текше метр

9,74

2.

Газ плитасы және суды газбен ысытқыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде)

1 адамға айына текше метр

24,09

3.

Газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және суды газбен ысытқыш болмаған кезде

1 адамға айына текше метр

14,35

4.

Жеке жылу беруге

1 шаршы метр ауданға айына текше метр

9,157

 

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг