Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы (2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша): 1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын; 2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп беріп тұрсын. ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық жобалау офисінің базасында жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде Іс-қимыл жоспарының жедел мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырсын. 4. ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2023.27.06. № 495 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|