Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125 - баптарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі белгіленсін. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Манғыстау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ» «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|