|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
ҚР 2018 жылғы 30 қарашадағы № 196-VІ Заңымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2018 жыл - 2 600 000 000 мың теңге; 2019 жыл - 2 300 000 000 мың теңге; 2020 жыл - 2 000 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 30-ы. № 111-VІ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |