Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының нысанын бекіту туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/181 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 297 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7220 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қарашада № 529-530 (26922) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|