Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативті хаттама (Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл)
ҚР 2023 жылғы 7 маусымдағы № 8-VIII Заңымен ратификацияланды
Осы хаттамаға қатысушы мемлекеттер төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Хаттамаға қатысушы мемлекет («қатысушы мемлекет») Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеттің («Комитет») оның юрисдикциясында болып табылатын, осы қатысушы мемлекеттің немесе оның атынан Конвенция ережелерін бұзудың құрбаны болып табылатынын мәлімдеген адамдардың немесе адамдар тобының хабарламаларын қабылдау және қарау құзіретін таниды. 2. Егер де хабарлама осы Хаттаманың қатысушысы болып табылмайтын қатысушы мемлекетке қатысты болса, Комитет оны қабылдамайды.
Комитет мына жағдайларда хабарламаны қабылдауға қолайсыз деп санайды: a) хабарлама анонимді болып табылса; b) хабарлама мұндай хабарламалар беру құқығын өрескел пайдалану болып табылса немесе Конвенцияның ережелеріне үйлеспейтін болса; c) Комитет дәл сол мәселені қараған болса, не болмаса халықаралық айқындау немесе реттеудің басқа процедурасы шеңберінде қаралған болса немесе қаралып жатса; d) қолда бар ішкі қорғау құралдары түгел қолданылмаса. Қорғау құралдарын пайдалану себепсіз созылса немесе пәрменді нәтиже әкеле қоюы екіталай болса, бұл ереже қолданылмайды; e) ол анық негізделмеген немесе жеткіліксіз дәйектелген болып табылса; f) хабарламаның негізі болып табылатын фактілер осы Хаттаманың тиісті қатысушы мемлекеті үшін осы Хаттама күшіне енгенге дейін орын алған болса және бұл фактілер аталған күннен кейін де жалғаспаған болса.
Осы Хаттаманың 2-бабының ережелерін ескере отырып, Комитет оған берілген кез келген хабарламаларды құпия түрде қатысушы мемлекеттің назарына жеткізеді. Алты айдың ішінде хабардар болған мемлекет Комитетке мәселені немесе осы мемлекеттің қолдануы мүмкін болған қорғаныс құралын (егер ондай болса) нақтылай отырып жазбаша түсініктеме немесе мәлімдемені ұсынады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|