|
Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы (2025.30.09. берілген өзгерістермен)
«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасын және 8-тармағын және 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 4-н/қ бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|