Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 283/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.30.01. № 9/2 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 144/5 қаулысымен бекітілді
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.12.06. берілген өзгерістермен)
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстың және қалалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.12.06. № 159/3 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі (бұдан әрі - көшірме) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|