Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2021.13.10. № 736 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (2021.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі - Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің шарттары мен тетігін айқындайды. 2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады. 3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі. 4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. 5. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттар беру мақсатында уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|