Осы редакция 2016 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін айқындайды. 2. Аттестаттау және қайта аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып 2014 жылғы 8 желтоқсанда тіркелген) бекіткен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 3. Аттестаттауды және қайта аттестаттауды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) құратын аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына функциясына өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер жатқызылған Комитеттің қызметкерлері кіргізіледі. Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі - МӨҚҚ) алғашқы, қайталама және мерзімдік аттестаттауға жатады: 1) алғашқы аттестаттауға жаңадан құрылатын МӨҚҚ жатады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|