Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022.07.02. № 46 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (2022.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері; 2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 3) әлеуметтік жұмыс орны – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны; 4) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|