| ||||||||||||||||||||
|
|
|
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы (2018.18.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығымен бекітілген
Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың қағидалары
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерімен (бұдан әрі - Стипендиат) оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау, Стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, үлгерім мониторингі мен Стипендиаттардың еңбек қызметін жүзеге асыру, Стипендиаттардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімін шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу шартын жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) академиялық демалыс - Стипендиаттың шетелдік жоғары оқу орнымен келісім бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де айрықша жағдайларда оқуын уақытша тоқтату кезеңі; 2) академиялық оқу - шетелдік жоғары оқу орнында дәреже алуға, резидентурада оқуға бағытталған оқу процессі; 3) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлері өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - Республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган; 4) депозит - оқу және/немесе тұру үшін кепілді жарнаның аванстық төлем сомасы; 5) еңбек қызметі (жұмыспен өтеу) - еңбек қызметін алған мамандық бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асыру бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындау процессі; 6) кепіл хат - тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге тіркелу және виза ресімдеу үшін Стипендиаттарға Қоғам беретін, шығыстарды жабу міндеттемесін кепілдендіретін ресми хат; 7) магистратура алдындағы дайындық - Стипендиаттарды оқу еліне байланысты 2 (екі) айдан артық емес мерзіммен шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне және оқу әдістеріне бейімделуге дайындау; 8) орналастыру - шетелдік жоғары оқу орнын, шетелдік ұйымды таңдау, стипендиаттың Стипендиаттың тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға құжаттар тапсыру және түсу рәсімі; 9) өтініш-сауалнама - шетелдік жоғары оқу орны, шетелдік ұйым әзірлеген құрылымдалған сұхбат негізінде қалыптастырылған сұрақтарды қамтитын сауалнама; 10) преференс-нысан - шетелдік жоғары оқу орны және тағайындалған мамандық баламалары көрсетілген академиялық оқуға орналастыру үшін толтырылатын нысан; 11) түлек - тиісті академиялық дәреже тағайындалумен оқуды аяқтаған немесе тағылымдамадан өткен және академиялық оқуды немесе тағылымдамадан өтуді аяқтау туралы тиісті құжатты алған Стипендиат; 12) тілдік мектеп - Стипендиаттардың тілдік курстардан өтуін жүзеге асыратын ұйым; 13) тілдік курстар - тілдік тесттерге дайындық курстарды қамтитын, академиялық бағыттағы шет тілін меңгеру деңгейін арттыру курстары (магистратура алдындағы пәндер бойынша дайындық курстарды қамтымайды); 14) шартсыз шақырту - оқу мерзімдері көрсетілген, оқу ақысы туралы шартты қоспағанда, түсу үшін қажетті шарттарды қамтымайтын академиялық оқуға, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуге ресми шақырту; 15) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) - «Болашақ» стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган; 16) шетелдік жоғары оқу орны (бұдан әрі - Оқу орны) - Стипендиаттардың шетелдегі академиялық оқуы шеңберінде таңдалған мамандық бойынша жоғары кәсіби білім беретін ұйым; 17) шетелдік ұйым - Стипендиаттардың тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтуін жүзеге асыратын Оқу орны, ұйым; 18) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) - Қазақстан Республикасының Үкіметі «Болашақ» халықаралық стипендиясын (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) әкімшілендіру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға өкілдік берген ұйым.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу тәртібі мен шарттары
3. Стипендиат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында (бұдан әрі - Іріктеу қағидалары) белгіленген мерзімдерде Қоғаммен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрықпен (бұдан әрі - Бұйрық) бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасады. 4. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға байланысты мәмілелер Қоғамның орналасқан жерінде жасалады. 5. Стипендиат Қоғамға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін тізбесіне сәйкес құжаттар ұсынады. 6. Оқу шартында көзделген міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Стипендиат бағалық құны Стипендиаттың жалпы оқу құнынан кем емес жылжымайтын мүлікті кепілге ұсынады. Жылжымайтын мүлік кепіл шарты Қоғам мен жылжымайтын мүлік меншік иесі арасында жасалады. 7. Жылжымайтын мүлік кепіл шартының заты бағалау құны қандай да бір шектеулерсіз және ауыртпалықтарсыз меншік құқығы тіркелген кез келген жылжымайтын мүлік болып табылады. 8. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасауы жүзеге асырылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.31.01. № 35 бұйрығымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Жылжымайтын мүлік кепілі шарты, сондай-ақ оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің екі данасына тараптар қолдары қойылып, жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша әділет органдарында тіркелуге тиіс. Әділет органдарында тіркелгеннен кейін жылжымайтын мүлік кепілі шартының немесе оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің бір данасы Қоғамға қайтырылуға тиіс. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 55 бұйрығымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Оқу құнын жабатын ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік болмаған немесе оның құны жеткіліксіз болған жағдайда, кепілге Стипендиатқа, оның отбасы мүшелеріне (ата-анасына, жұбайына, балаларына), сондай-ақ үшінші тұлғаларға меншік құқығында тиесілі барлық ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік қабылданады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 55 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.11.09. № 455 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда 11. Стипендиаттың академиялық оқуының жалпы құны жабылмаған жағдайда, кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген қалған сомаға кепілдік шарт (-тар) жасалады. Жабылуға тиісті сомаға байланысты кепілгерлер мындай санда ұсынылады: оқу құны кепілзатпен жетпіс пайыздан артық қамтамасыз етілген жағдайда - бір кепілгер; оқу құны кепілзатпен елу пайыздан жетпіс пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда - екі кепілгер; оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан елу пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда - үш кепілгер; оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан кем қамтамасыз етілген жағдайда - төрт кепілгер. Академиялық оқуға жіберілетін және ауылдық аумақтарда соңғы 6 (алты) ай ішінде тұратын және жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін оқу құнын кепілдік қамтамасыз етумен жабу пайызына қарамастан кепілгерлердің кез келген саны (бірден төртке дейін) шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.31.01. № 35 бұйрығымен 11-1-тармақпен толықтырылды 11-1. Стипендиаттың, оның отбасы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары) меншік құқығында тиесілі, ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда, оқу шартында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Стипендиат оқу шығындары сомасына байланысты кепілгерді (-лерді) ұсынады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 55 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.11.09. № 455 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда 12. Тағылымдамадан өтуге жіберілетін Стипендиаттар міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында екі кепілгер ұсынады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 55 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 55 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес кепілдік шартын жасау жүзеге асырылады. 15. Қоғамда кепілде тұрған жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу Стипендиат барлық шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағаннан кейін жүзеге асырылады. Кепіл берушінің немесе Стипендиаттың (немесе сенім білдірілген адамның) өтініші бойынша Стипендиаттың міндеттемесін тиісті орындағанын тексергеннен кейін Қоғам жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін хат және сенімхат береді. 16. Стипендиаттың міндеттемесін орындауды қамтамасыз етуге берілген кепіл мүлкін ауыстыруды жүзеге асыру үшін назарға мына санаттар: ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны, сапалық және сандық сипаттамасы, географиялық орналасуы алынады. 17. Кепіл затын ауыстыру үшін Қоғамға есепті құру сәтінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей мерзімделген ұсынылатын жылжымайтын мүліктің және кепіл затының бағасы туралы қосымша берілген есептері бар, сондай-ақ ұсынылған жылжымайтын мүлікке тыйым салулар, ауыртпалықтар, заңды талап етулер болмауы туралы құжаттармен расталған кепіл затын ауыстыру туралы негіздеме өтінішін Қоғамға жіберу қажет. Жылжымайтын мүліктің жаңа кепіл шарты кепіл затын ауыстыру кезінде осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көзделген тәртіппен жасалады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.31.01. № 35 бұйрығымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Жаңа кепіл шарты әділет органдарында тіркелгеннен кейін кепіл заты ауыстырылғанда Қоғам өтініш беруші өтініш берген күнінен күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде бұрынғы кепіл затынан ауыртпалықты алу үшін өтініш берушіге хат (еркін нысанда) және сенімхат береді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-тарау. Стипендиаттарды тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру тәртібі, үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингін жүргізу
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19. Тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру оқуға/тағылымдамадан өтуге шарттар күшіне енген сәттен басталады. 20. Республикалық комиссияның шешімі бойынша Қоғам тілдік мектептің жақындағы жиынына (оқудың басы), бірақ оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірмей тілдік курстарға орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.18.09. № 463 бұйрығымен 20-1-тармақпен толықтырылды 20-1. Стипендиаттың орналасу мерзімін кейінге қалдыруды алу қажеттілігі туындаған жағдайда, Стипендиат орналасуды жүзеге асырудың мүмкін еместігін растаушы құжаттарымен қоса, кейінге қалдыру туралы өтінішімен Комиссияға жүгінеді. Орналасуды кейінге қалдыруды Комиссия, оқуға/тағылымдамадан өтуге арналған шарттарды жасасқан күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге ұсынады. 21. Қоғам Стипендиаттың өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде кепілхат тапсырады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22. Тілдік курстар оқуға/тағылымдамадан өтуге шартта көзделген мерзім ішінде (оқу еліндегі визалық талаптармен белгіленетін жағдайларды қоспағанда) жалғасады. Тілдік мектепті ауыстыру оқуға орналастыру сәтінде бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімінде (бұдан әрі - Тізім) тілдік мектеп болған жағдайда, Стипендиаттың Қоғамға жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады. Ағымдағы оқу курсы (семестр/триместр немесе тілдік мектеп белгілеген кезең) аяқталғанға дейін тілдік мектепті ауыстыруға рұқсат берілмейді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 22-1-тармақпен толықтырылды 22-1. Магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысқан және академиялық оқуға шартсыз шақыртуы бар стипендиаттар қажет болған жағдайда магистратура алдындағы дайындықтан өтеді. Стипендиаттың академиялық оқуға шартсыз шақыртуды және «айлтс» (ielts) немесе «тоефл» (toefl) тесті нәтижесінің көшірмесі қоса берілген жазбаша өтінішінің негізінде Қоғам келесі өлшемшарттардың бірін басшылыққа алып, Стипендиатты магистратура алдындағы дайындық курсына орналастыру қажеттілігі туралы шешім қабылдайды: 1) Стипендиат «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде алдын ала тілдік курстардан өткен жоқ; 2) Стипендиат «академиялық ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша шетелде 6 (алты) айдан аспайтын тілдік курстардан өтті және осы бағдарламаның мазмұны магистратура алдындағы дайындық бағдарламасы мазмұнын қайталамайды (бағдарламалар мазмұндары бірдей болған жағдайда магистратура алдындағы дайындық ұзақтығы 1 (бір) айдан аспайды). ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 22-2-тармақпен толықтырылды 22-2. Қоғам келесі модульдерді қамтитын магистратура алдындағы дайындыққа орналастыруды қамтамасыз етеді: оқу елінің әлеуметтік-мәдени ортасымен, халықаралық студенттерге арналған ережелермен және көрсетілетін қызметтермен танысу; білім беру жүйесін, оқу әдістерін, халықаралық студенттерге қойылатын талаптарды зерттеу және оқу елінің академиялық ортасымен танысу; академиялық дағдыларды (кәсіби мәтіндерді жазу және оқу дағдылары, презентацияларды дайындай алу, магистратура бағдарламасының таңдалған бағыты бойынша салалық терминологияны, плагиатқа жол бермеу бөлігінде академиялық материалды пайдалану нормасын қолдану) жетілдіру; диссертация немесе жобалық жұмыс жазу бөлігінде магистратура бағдарламасын сәтті игеру үшін қажетті зерттеушілік дағдыларды алу; кәсіби модуль (заң, бизнес және экономика, ғылым және инженерия бағыттарының бірі бойынша курс) болуы; бір апта ішіндегі сағаттардың қажетті саны. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 22-3-тармақпен толықтырылды 22-3. Қоғам магистратура алдындағы дайындыққа орналастыруды шетелдік ұйымның халықаралық және/немесе мемлекеттік/ұлттық аккредитациясы не шетелдік студенттер үшін магистратура алдындағы дайындық бағдарламасын өткізуге рұқсаты болған жағдайда, Тізімде көрсетілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылған шетелдік ұйымдар базасында академиялық оқу басталуының тура алдында жүзеге асырады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.18.09. № 463 бұйрығымен 22-4-тармақпен толықтырылды 22-4. Стипендиаттарды магистратура алдындағы дайындыққа немесе академиялық оқуға орналастыру тілдік курстарды аяқтаған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірмей жүзеге асырылады. 23. Академиялық оқуды ұйымдастыру үшін Стипендиат (академиялық оқуға өз бетімен түскендерді қоспағанда) Қоғамға академиялық оқуға түсу үшін Оқу орнын таңдау үшін преференс-нысанды ұсынады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24. Стипендиатты преференс-нысанға сәйкес Оқу орындарына академиялық оқуға орналастыру барысында Стипендиат өтініш-сауалнамаларды өз бетінше толтырады және Оқу орны белгілеген мерзімде тапсырады. Қоғам өтініш-сауалнамаларды тапсыру мерзімдеріне мониторинг жүргізеді және Стипендиаттарды бұл туралы хабарландырады, Стипендиаттардан өтініш-сауалнамаларды толтыру жағдайы туралы сұрайды, өтініш-сауалнамаларды толтыру дұрыстылығын Оқу орнына тапсыру алдында тексереді. 25. Оқу орындарының шартсыз шақыртуын алғаннан кейін Стипендиат Қоғамға таңдап алған Оқу орнында оқу туралы жазбаша нысандағы келісімін ұсынады. 26. Шартсыз шақыру виза алу үшін құжаттар ресімдеу үшін негіз болып табылады. Визаны Стипендиат өз бетімен ресімдейді. 27. Стипендиат Қоғамға ұшатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын авиабилет сатып алу туралы жазбаша нысанда өтініш білдіреді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28. Үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингі оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Түлектен немесе кепіл берушіден ауыртпалықты алу туралы өтініш түскенде Қоғам түлектің еңбек өтілімі бойынша шарттық міндеттемелерінің орындалуын төмендегілерді: түлек алған мамандығы бойынша еңбек қызметін жүзеге асырған жұмыс берушілердің еңбек кітапшасындағы жазбаларын; еңбек өтілімінің талап етілетін кезеңі ішінде аударылған міндетті зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелерде көрсетілген зейнетақы аударымдарын (Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты заңнамасының ерекшеліктері ескерілген) есепке алып, тексереді. Еңбек өтілімі мерзімдерін есептеуді Қоғам күнтізбелік күндермен жүзеге асырады. Түлектердің еңбек өтілімін жүзеге асыруының мерзімдері мен орны Іріктеу қағидаларымен реттеледі. Түлек еңбек қызметін астанада немесе республикалық маңызы бар қалада, содан кейін өңірлерде немесе керісінше жүзеге асырған жағдайда, еңбек өтілімі мерзімін есептеу астанада немесе республикалық маңызы бар қалада атқарылған жұмыс күндері саны мен өңірде атқарылған жұмыс күндері санының пайыздық ара қатынасын қосу жолымен жүзеге асырылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.31.01. № 35 бұйрығымен 28-1-тармақпен толықтырылды 28-1. Түлектің жүктілік және бала туу бойынша демалыста, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңдері еңбек өтілімін жүзеге асыру мерзіміне есептеледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.18.09. № 463 бұйрығымен 28-2-тармақпен толықтырылды 28-2. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді: шетелде оқуды/тағылымдамадан өтуді жалғастыру; еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу; шетелде оқитын немесе тағылымдамадан өтіп жатқан зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру; мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру; жүктілік жағдайы, сондай ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеу. 29. Оқуды уақытша үзу қажет болған жағдайда, Стипендиат Қоғамға академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту туралы жазбаша нысанда өтініш жасайды. Академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту мәселесін Комиссия қарайды. 30. Шетелде оқуға кедергі болатын аурулар туындаған жағдайда, Стипендиат шетелдік емдеу мекемесі берген анықтама көшірмесін бере отырып, Қоғамға бұл туралы хабарлайды және Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін бір ай ішінде оқып жатқан мамандығы бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігінің болмауы туралы қорытындымен емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) анықтамасын ұсынады. Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы бойынша академиялық демалыс ауруы бойынша алтыдан он екі айға дейінгі ұзақтыққа беріледі. Туберкулезбен ауырған жағдайда, академиялық демалыс туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде ұсынылады. 31. Академиялық демалыс сондай-ақ Стипендиатқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда, босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда - заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда берілуі мүмкін негіздерге беріледі. 32. Оқуын қалпына келтірген жағдайда, Стипендиат Қоғамға шетелге шығатындар үшін денсаулық жағдайы туралы тиісті құжатты ұсынады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 455 бұйрығымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-тарау. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, стипендия аудару және төлеу, оқуға ақы төлеу, шығыстарға аванс беру, Стипендиат өз қаражаты есебінен жүргізген шығыстарды өтеу, «Болашақ» стипендиясынан айырылған/бас тартқан кезде Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |