Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы
Соттардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнаманы қолдану практикасын зерделеп және оны біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді: 1. Салық заңнамасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция) негізделеді, Салық кодексінен, сонымен қатар қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Соттар Қазақстан Республикасы салық заңнамасының нормаларын қолдану кезінде Конституцияның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Салық кодексін және онда көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоса алғанда, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын айқындайтын Конституцияның 1-бабының 1-тармағында белгіленген құндылықтарды негізге алуы қажет. Мұндай нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары, салық органдары жүйесіндегі уәкілетті орган басшысының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының нормативтік құқықтық бұйрықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілетті органдарының жекелеген салық мөлшерлемелерін және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу туралы нормативтік құқықтық шешімдері жатады. Салық кодексінің 10-бабына сәйкес салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер міндетті түрде ресми жариялануға тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|