|
|
|
Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің әкелінуінің және оның таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық- профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 102-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің әкелінуінің және халық арасында таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары, денсаулық сақтауды (қоғамдық денсаулықты) мемлекеттік басқару органдары: 1) маймыл шешегі ауруына күдікті адамдарды анықтау, эпидемиологиялық анамнез жинау, байланыста болған адамдарды оқшаулау, емдеу, медициналық бақылау бойынша меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің (МСАК желілері, инфекциялық стационарлар/бөлімшелер, ЖИТС, дерматология, акушерлік, гинекология және урология орталықтары) сақтығын арттыру бойынша оқыту жүргізуді; 2) маймыл шешегімен ауыратын науқас (күдікті адамдар) әкелінген жағдайға инфекциялық стационарлардың дайындығын; 3) маймыл шешегімен ауыратын науқасты (ауруға күдікті адамды) диагностикалауды және тасымалдауды; 4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21532 болып тіркелген) сәйкес адамның маймыл шешегімен сырқаттануының және маймыл шешегі ауруына күдіктің әрбір жағдайы туралы (патогендігі I топтағы аса қауіпті инфекция жағдайы анықталған кезіндегідей) шұғыл хабарлама ұсынуды; 5) маймыл шешегімен ауыратын науқастардан (күдікті адамдардан) алынған материалды іріктеуді және зертханалық зерттеуге жіберуді; 6) инфекциялық және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында маймыл шешегімен ауыратын науқас (күдікті адам) анықталған, емдеуге жатқызылған кезде биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды; 7) денсаулық сақтау ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының (бұдан әрі - ЖҚҚ), дәрілік және дезинфекциялық құралдардың азайтылмайтын қорының болуын; 8) маймыл шешегі әкелінген жағдайда ден қоюға дайындық бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізуді; 9) шетелдік студенттерді (жоғары оқу орындарының медициналық пункттері), оның ішінде соңғы 21 күн ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған тізімге сәйкес маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерден (бұдан әрі - эндемиялық елдер) келген немесе оларға барған Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық бақылауды; 10) әлемдегі эпидемиялық асқыну кезеңінде маймыл шешегінің профилактикасы мәселелері бойынша халықты хабардар етуді қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі: 1) қажет болған жағдайда жолаушылар ағынының тығыздығын және жабдықтың техникалық сипаттамаларын ескере отырып, дене температурасы жоғары адамдарды қашықтықтан анықтауға арналған температураны байланыссыз өлшеу жүйесін орнатуды; 2) көлік құралдарында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын; 3) жолаушылардың, экипаж бен пойыз бригадалары мүшелерінің денсаулық жағдайын бақылауды, жолаушыда (жолаушыларда) инфекциялық ауруға, маймыл шешегі ауруына клиникалық көріністерге күдік болған кезде өткізу пунктінің жерүсті қызметін жолаушының денсаулық жағдайы туралы хабардар етуді; 4) көлік құралында жолаушылардың отыратын орындары бойынша отыруын қатаң бақылауды; 5) әрбір рейстен кейін көлік құралдарын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды; 6) жолаушыларды түсіруге тартылған әуежайлардың, темір жол, теңіз вокзалдарының, автовокзалдардың барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды; 7) әуе, теңіз кемесі командирінен, локомотив бригадасы машинисінен маймыл шешегі ауруына күдікті жолаушының болуы туралы ақпарат алған жағдайда мемлекеттік бақылау органдары мен мүдделі қызметтерді хабардар ету схемасына сәйкес хабардар етуді; 8) өткізу пунктінің мүдделі қызметтерінің маймыл шешегі ауруына күдікті жолаушысы бар халықаралық көлік құралын қарсы алуға дайындығын; 9) санитариялық тұраққа (айлаққа) көлік құралын кедергісіз жіберу; 10) санитариялық тұрақты (айлақты), жолаушылар вагонын ескерту жазбаларымен қоршауды, ауыз судың санитариялық тұраққа жеткізілуін (жеткізуді), биодәретхана және қақпағы бар қоқыс жинауға арналған контейнерлер орнатуды; 11) санитариялық-карантиндік бақылау мамандарын, консультанттарды, жедел медициналық жәрдем бригадасын, дезинфекциялық қызметті режимдік аймаққа кедергісіз өткізуді және оларды режимдік аймақ бойынша бақылау-өткізу пунктінен тұраққа дейін немесе жолаушылар терминалының изоляторына дейін алып жүруді; 12) өткізу пунктінің мүдделі қызметтерінің іс-шараларды орындауын үйлестіруді; 13) тіркелген жағдайда басқа рейстердің әуе жолаушыларымен байланысын болдырмай, науқасты эвакуациялау/емдеуге жатқызудың кедергісіз процесін; 14) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін халықаралық өткізу пунктінің аумағында жоғары режимдік бақылауды; 15) инфекциялық аурудың инкубациялық кезеңі ішінде байланыста болған жұмыскерлерді медициналық бақылауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (Көліктегі полиция департаменті) маймыл шешегі ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда: 1) халықаралық әуежайлардың, халықаралық теміржол түйісу станцияларының, теңіз порттарының өткізу пункттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бақылау бекеттерін орнатуды; 2) қаладан келген жедел медициналық жәрдем бригадасын бақылау-өткізу пунктіне дейін алып жүруді; 3) Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Көліктегі департамент) сұрау салуы бойынша байланыста болған жолаушылар бойынша ақпаратты (Т.А.Ә., тұрақты тұратын жерінің мекенжайы, сапардың мақсаты, уақытша орналасқан жері) жедел ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі - ҰҚК ШҚ): 1) соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерге барған Қазақстан Республикасына келетін адамдарды бақылауды қамтамасыз етсін; 2) соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерден келген немесе барған адамдар анықталған жағдайда жолаушылар бойынша деректерді (Т.А.Ә., тұрақты тұратын жерінің мекенжайы, сапардың мақсаты, уақытша орналасқан жері, байланыстары) ұсына отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын дереу хабардар етсін. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Мемлекеттік кірістер комитеті): 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтуді; 2) Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, көлік құралдарының жүргізушілері және басқалар) міндетті байланыссыз термометрия жүргізуді; 3) санитариялық-карантиндік пункттерде ЖҚҚ және дезинфекциялық құралдардың болуын; 4) автомобиль өткізу пункттерінде маймыл шешегі ауруына күдікті жолаушы анықталған жағдайда хабардар ету схемасына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ, Комитет) аумақтық департаменттері мен мүдделі қызметтерді дереу хабардар етуді және медициналық ұйымдардың қызметкерлері келгенге дейін оны оқшаулауды; 5) мүдделі ведомстволардың, ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың мамандары арасында маймыл шешегінің әкелінуінің алдын алу мәселелері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын қоса отырып семинарлар өткізуді; 6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттеріндегі бақылау органдары қызметкерлеріне, халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілеріне маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу шаралары туралы нұсқама беруді; 7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жүргізушілер мен жолаушылар арасында маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп: 1) туроператорларды әлемдегі карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен, оның ішінде шетелге, оның ішінде эндемиялық елдерге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына маймыл шешегімен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етуді; 2) шетелге шығатын азаматтар үшін маймыл шешегінің профилактикасы шараларын сақтау туралы ұсынымдарды (жадынамалар, буклеттер және т. б.) әзірлеуді және таратуды қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі: 1) эндемиялық елдердің азаматтары болып табылатын елдегі жоғары оқу орындардың шетелдік студенттері арасында Қазақстан Республикасына маймыл шешегі ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды; 2) соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерден келген және (немесе) барған елдегі жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттерді маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу шараларының сақталуы туралы хабардар етуді, келген студенттерді бақылауды; 3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды (қоғамдық денсаулықты) мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарына соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерден келген және (немесе) барған шетелдік студенттердің тізімін ұсынуды қамтамасыз естін. 8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары: Шетел азаматтарының қатысуымен мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде, оның ішінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу шараларын сақтау туралы сауда, қоғамдық тамақтану субъектілерінің, тұрмыстық қызмет көрсету саласының өкілдері үшін оқыту тренингтерін өткізуді қамтамасыз етсін. 9. Көліктегі департаменттің басшысы: 1) халықаралық әуежайлардағы, халықаралық темір жол түйісу станцияларындағы, теңіз порттарындағы өткізу пункттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқаларға) міндетті байланыссыз термометрия жүргізуді; 2) жолаушылар арасында маймыл шешегі ауруының әрбір жағдайы (ауруға күдік) анықталған кезде «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21532 болып тіркелген) сәйкес патогендігі I топтағы аса қауіпті инфекция кезіндегідей Комитетті хабардар етуді; 3) санитариялық-карантиндік пункттерде ЖҚҚ және дезинфекциялық құралдардың болуын; 4) алыс және жақын шет елдерден келетін адамдар санының ай сайынғы мониторингін; 5) медициналық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу үшін Комитеттің облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне кейіннен мәліметтерді бере отырып, ҰҚК ШҚ берген деректері бойынша соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерден келген немесе барған адамдардың күнделікті мониторингін; 6) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес халықаралық әуежайлардың, халықаралық теміржол түйісу станцияларының, теңіз порттарының ғимараттарында және «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында дезинфекциялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды; 7) мүдделі ведомстволардың, ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың мамандары арасында маймыл шешегінің әкелінуінің алдын алу мәселелері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын қоса отырып семинарлар өткізуді; 8) Мемлекеттік шекарадағы бақылау органдары қызметкерлеріне, халықаралық рейстер жасайтын экипаж мүшелеріне маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу шаралары туралы нұсқама беруді; 9) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасындағы көліктік бақылау бекеттерінде маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 10) маймыл шешегінің профилактикасы бойынша ақпараттық материалдарды (инфографика) орналастыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 10.Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО), ҚР ДСМ-нің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҚДСҰО) және ҚР ДСМ-нің «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - АҚИҰҒО): 1) маймыл шешегін диагностикалау үшін зертханалардың дайындығын және ПТР тест-жүйелерінің қажетті қорын; 2) зертханалардың маймыл шешегіне сынамаларды қабылдауға және зерттеулер жүргізуге дайындығын; 3) ПТР әдісімен маймыл шешегіне материал үлгілерін жинауды, тасымалдауды және тестілеуді ұйымдастыруды және аса қауіпті инфекция кезіндегідей белгіленген тәртіппен ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы Комитетке хабарлауды қамтамасыз етсін. 11. АҚИҰҒО: 1) маймыл шешегінің таралу қаупі жағдайында Қазақстан Республикасының шекаралары мен аумағын санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқыту семинарларының бағдарламасын, маймыл шешегінің әкелінуінің алдын алу мәселелері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын қоса отырып, мүдделі ведомстволар, аумақтық органдар мен ұйымдар мамандарының оқыту курстарын әзірлеуді; 2) Маймыл шешегімен ауыратын науқастардан (күдікті адамдардан) материалды алу, тасымалдау және сақтау техникасы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді; 3) Комитеттің Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және ҰСО Астана қаласы бойынша филиалына (Комитеттің келісімі бойынша) шетелдік азаматтардың қатысуымен мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезеңінде, оның ішінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде ұйымдастыру-практикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін. 12. Комитеттің облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері ҰСО-ның филиалдарымен, обаға қарсы күрес станциялармен (бар болған жағдайда) және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау (қоғамдық денсаулық сақтау) басқармаларымен бірлесіп: 1) маймыл шешегінің әкеліну жағдайына ден қоюға дайындық бойынша оқу-жаттығулар өткізуді; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді; 3) маймыл шешегімен ауыратын (ауруға күдікті) науқастардан материалды алуды, тасымалдауды, сақтауды және зертханалық диагностикалауды ұйымдастыруды; 4) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес маймыл шешегімен ауыратын науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді; 5) аумақтық денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ұйымдарының мамандары үшін маймыл шешегі эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, Қазақстан Республикасының шекаралары мен аумағын Қазақстан Республикасының аумағында маймыл шешегінің әкелінуінен және таралуынан санитариялық қорғау мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; 6) туристік фирмалардың қызметкерлері мен туристер арасында маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін. 13. ҚДСҰО: 1) әлем елдеріндегі маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық ахуалға күнделікті мониторингті; 2) денсаулық сақтау ұйымдары мен зертханалардың (меншік нысанына қарамастан) мамандарына халықаралық ұсынымдарға (ДДҰ, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және профилактикасы бойынша орталықтары, CDC) сәйкес маймыл шешегімен ауыратын (ауруға күдікті) науқастан материалды алу және тасымалдау мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсетуді; 3) ДДҰ байланыс пункті арқылы ДДҰ-мен (аптасына 24 сағат 7 күн) тұрақты өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етсін. 14. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 15. Осы қаулы 2024 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 8 қаулысына 1-қосымша
Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу алгоритмі
1. Маймыл шешегімен ауыратын науқас (ауруға күдікті) анықталған жағдайда барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар аурудың клиникалық көрінісі және эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылатын алдын ала диагноз қойылған кезде жүргізіледі. 2. Маймыл шешегі ауруының (ауруға күдіктің) әрбір жағдайына шұғыл хабарлама «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21532 болып тіркелген) сәйкес аса қауіпті инфекциялық ауру жағдайы анықталған кездегідей тәртіппен беріледі. 3. Кезектен тыс хабарламада мынадай мәліметтер болуға тиіс: 1) науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы және жасы; 2) тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы. Шетелдіктер үшін - азаматтығы, шетелден келгендер үшін - келген елдің, қаланың атауы, көліктің қандай түрімен келді, келген уақыты мен күні; 3) жұмыс орны, кәсіби қызметі; 4) алдын ала диагноз (кім қойған және қандай деректер негізінде - клиникалық, эпидемиологиялық); 5) ауырған күні (алғашқы белгілердің пайда болуы); 6) температура мен бөртпе пайда болған күн; 7) бөртпелердің орналасқан жері; 8) науқастың анықталған күні, уақыты, орны және осы уақытта қайда екендігі; 9) аурудың клиникалық көрінісі және ауырлығы; 10) қысқа эпидемиологиялық анамнез (ауру басталғанға дейін соңғы 3 апта (21 күн) ішінде саяхат тарихын міндетті түрде көрсете отырып, ықтимал немесе расталған жағдаймен қарым-қатынас, ықтимал немесе расталған жағдайлармен байланыс және байланыс сипаты (егер қолданылса); көптеген немесе анонимдік жыныстық серіктестердің болу тарихы); 11) осы ауруға байланысты дәрілік препараттар мен антибиотиктерді қолдану; 12) табиғи шешекке қарсы егудің болуы туралы деректер; 13) зертханалық зерттеу үшін материалды алу күні, биоматериалдың түрі; 14) хабарлама жасау кезіндегі зертханалық зерттеу нәтижесі; 15) хабарламаны берген және қабылдаған адамның тегі, олардың лауазымы, мекеменің атауы, хабарламаның берілген күні мен сағаты. 4. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру қағидаты ауру ошағын оқшаулауға және жоюға бағытталған мынадай іс-шараларды көздейді: 1) науқасты (ауруға күдікті адамды) анықтау; 2) анықталған науқас (ауруға күдікті адам) туралы ақпарат; 3) диагнозды нақтылау; 4) емдеу; 5) науқасты кейіннен ауруханаға жатқыза отырып оқшаулау; 6) шектеу шаралары; 7) науқаспен байланыста болған адамдарды анықтау, оқшаулау (байланыста болғандар тобы үй ошағы, жұмыс және оқу орны/балабақша, денсаулық сақтау ұйымы бойынша белгіленеді, спорт секцияларына, қоғамдық жиналыстарға бару және кез келген басқа да еске алынатын өзара іс-қимыл) және шұғыл профилактика жүргізу; 8) ақпараттық-түсіндіру жұмысы. 5. Іс-шаралардың көлемі мен нақты сипаты науқасты анықтағаннан кейін дереу жүргізілетін эпидемиологиялық тексеру деректерімен айқындалады. 6. Бұл іс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары обаға қарсы күрес станцияларымен (болған жағдайда), әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын және оларға консультациялық және практикалық көмек көрсететін Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі - СЭБД) бірлесіп жүргізеді. 7. Денсаулық сақтау ұйымдарының: 1) симптоматикалық ем жүргізуге арналған дәрі-дәрмектердің; 2) науқастардан зертханалық зерттеуге материал алуға арналған шығыс материалдарының; 3) вирусқа қарсы тиімділігі бар дезинфекциялық құралдардың; 4) емханалардың, амбулаториялардың, ФАП-тың, СКП-ның, СКО-ның персоналына арналған бір жиынтықтан кем емес және ауруханалардың, мәйітханалардың, оқшаулағыштардың, жедел жәрдем станцияларының, эпидбригадалардың және эвакодезбригадалардың қабылдау бөлімшелері үшін науқасқа тікелей қызмет көрсетумен айналысатын әрбір ауысыма кемінде 2 жеке профилактика және жеке қорғаныш құралдарының (қорғаныш костюмдерінің) қажетті қоры болуға тиіс. 8. Маймыл шешегі ауруымен ауыратын науқастар (ауруға күдікті) жедел жәрдем көлігімен инфекциялық стационарға жіберіледі. 9. Маймыл шешегімен ауыратын науқастар (ауруға күдікті адамдар) жеке кіретін есігі бар оқшауланған палаталарға немесе бокстарға орналастырылады. 10. Маймыл шешегі ауруына күдік болған кезде зертханалық зерттеуге материалды осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес науқас тұрған мекеменің оқытылған медицина қызметкері алады. 11. Маймыл шешегімен ауыратын науқаспен (ауруға күдіктімен) байланыста болған барлық адамдар туралы ақпарат мынадай нысан бойынша жасалады: 1) тегі, аты, әкесінің аты; 2) туған жылы; 3) тұрғылықты жері; 4) жұмыс орны (кәсіпорынның, мекеменің атауы, мекенжайы); 5) науқаспен қарым-қатынас (қайда, қашан, қарым-қатынас дәрежесі мен ұзақтығы, жүру жолы); 6) табиғи шешекке қарсы егу (болған жағдайда) және басқа да медициналық манипуляциялар (жүргізілген кезде); 7) тізімді жасау күні мен сағаты және мекемені және атқаратын лауазымын көрсете отырып, тізімді жасаған адамның қолы. 12. Маймыл шешегімен ауыратын науқастарға (ауруға күдіктіге) қызмет көрсететін медицина персоналы және науқаспен байланыста болған адамдар инкубациялық кезең мерзімі ішінде (21 күн) медициналық бақылауға жатады. 13. Байланыста болған адамдарға тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымының учаскелік дәрігері денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізе отырып, олар маймыл шешегімен ауыратын науқаспен (ауруға күдіктімен) немесе жұқтырған материалмен соңғы байланыста болғаннан кейін 21 күн ішінде үйде оқшауланады. 14. Байланыста болған адамдарды бақылау күн сайын клиникалық белгілердің/симптомдардың (бөртпе, температура, лимфа түйіндерінің қабынуы және басқалары) пайда болуы тұрғысынан жүргізіледі. Байланыста болған адамдар температурасын күніне екі рет өлшеуге тиіс. 15. Байланыста болған адамдарда маймыл шешегінің белгілері пайда болған кезде оларды қарап-тексеру және оқшаулау, кейіннен зертханалық тексере отырып инфекциялық стационарға жатқызу жүргізіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 8 қаулысына 2-қосымша
Маймыл шешегімен ауыратын адамдардың ошақтарында, әуежайлардың, теміржол вокзалдары ғимараттарында, автомобиль өткізу пункттерінде және теңіз порттарында, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу алгоритмі
1. Маймыл шешегімен ауыратын науқасты (ауруға күдікті адамды) емдеуге жатқызғаннан кейін ошақтағы қорытынды дезинфекцияны ҰСО филиалдары жүргізеді. 2. Науқас палатасына кіру алдында арнайы шкафта немесе үстелде ЖҚҚ және вирулицидті дезинфекциялық құралдар болуы тиіс. 3. Науқасты қарап-тексеруден және оған көмек көрсетуден кейін медицина персоналының киімі (пижамадан басқа) вирулицидті дезинфекциялық құралдың ерітіндісіне батыру тәсілімен зарарсыздандырылуға жатады. 4. Бір рет қолданылатын ЖҚҚ-ны пайдалану кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығына сәйкес оларды зарарсыздандырады және кәдеге жаратады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |