|
|
|
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2022.29.04. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 35-қосымшаның талапатарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантинді енгізудің сараланған тәсілін;»; 2) 1-қосымшада: 4-тармақ алынып тасталсын; 3) 3-қосымшада: 4-тармақ алынып тасталсын. 2. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.25.03. № 16 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.14.03. № 14 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-қосымшада: «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу» деген 7-бөлімнің 104-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «104. КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мыналар жатады: 1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 2) жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін; 3) лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін; 4) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; 5) Қазақстанда «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасымен вакцинациялаудың алғашқы курсын аяқтау үшін шетелде «Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар. Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады.»; 2) 133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «133. «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, 50 және одан жоғары жастағы адамдарға, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.». 5. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.29.04. № 21 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 7. Осы қаулы 2022 жылғы 19 ақпаннан бастап күшіне енеді.
1-қосымша. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.14.03. № 14 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |