|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы (2020.03.11. берілген өзгерістермен)
ҚР 2020 жылғы 24 қарашадағы № 378-VI Заңымен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2020.03.11. № 371-VI ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2020 жыл - 4 770 000 000 мың теңге; 2021 жыл - 2 700 000 000 мың теңге; 2022 жыл - 2 600 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 76-құжат; 2019 ж., № 8, 41-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 4 желтоқсан № 274-VІ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |