Осы редакция 2022 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 7-қосымша
«Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (2022.18.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Резиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық агенті Салық кодексінің 307-бабында көрсетілген резиденттерге кірістерін төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) есептеу және уақтылы төлеуге, төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуге арналған КТС бойынша салық есептілігінің (есептің) (бұдан әрі – есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 308-бабына сәйкес салық агенті жасайды. 2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 4. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу, «-» - алу, «х» - көбейту, «/» - бөлу, «=» - тең. 5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 1) қағаз жеткізгіште - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық нысанда - Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|