Қазақстан Республикасының (2023.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы 2-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары 3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті 5-бап. Уәкілетті органның құзыреті 6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 6-3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі 3-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ 7-бап. Тұтынушылардың құқықтары 8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар 11-бап. Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құқығы 12-бап. Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау құқығы 13-бап. Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына құқығы 14-бап. Тұтынушылардың тиісті сападағы тауарды айырбастау немесе қайтарып беру құқығы 15-бап. Тұтынушылардың тиісті емес сападағы тауар сатылған жағдайдағы құқығы 17-бап. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері 20-бап. Тұтынушылардың тұтынушылар қоғамдық бірлестіктерін құру құқығы 21-бап. Моральдық зиянды өтету құқығы 4-тарау. САТУШЫНЫҢ (ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ, ОРЫНДАУШЫНЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері 33-1-бап. Электрондық сауда алаңының міндеттері 5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ) 34-бап. Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері 36-бап. Жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) арналған смета 37-бап. Жұмысты орындаушының материалынан орындау 38-бап. Жұмысты тұтынушының материалынан орындау 39-бап. Жұмысты орындағаны (қызмет көрсеткені) үшін ақы төлеу 6-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ 40-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері 41-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары 6-1-тарау. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар 42-1-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың институционалдық жүйесі 42-2-бап. Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы 42-3-бап. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер 42-4-бап. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жүгінуі 42-8-бап. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу 44-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) дайындаушы - өткізу үшін тауар өндіретін жеке немесе заңды тұлға; 2) жарамдылық мерзімі - бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі; 3) жұмыс - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатқа ие қызмет; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) кемшілік - тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың міндетті талаптарына, шарттың ережелеріне, сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынған ақпаратқа сәйкес келмеуі; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) кепілдік мерзімі - тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) дайындалған, сатып алынған күннен бастап есептелетін, осы уақыт кезеңі ішінде тауар тиісінше пайдаланылған және сақталған жағдайда, сатушы (дайындаушы, орындаушы) оның (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдік беретін, сатушы (дайындаушы, орындаушы), Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым; 6) көрсетілетін қызмет - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатта болмайтын қызмет; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) қызмет ету мерзімі - тауарды (жұмыс нәтижесін) мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болатын, тауардың (жұмыс нәтижесінің) функционалдық мақсатына қарай заңнамада немесе шартта көзделген күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым; 8) орындаушы - шарт бойынша жұмысты орындаушы немесе қызмет көрсетуші жеке немесе заңды тұлға; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) сақтау мерзімі - белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) осы уақыт кезеңі ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарда және (немесе) шартта көрсетілген сапасын, қасиеттерін және сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі; 10) сатушы - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды өткізуші жеке немесе заңды тұлға; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) тауар - кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, жеке, отбасылық, үй ішiнде немесе өзге де пайдалануға арналған дайындаушы (орындаушы) қызметінің нәтижесі (өнімі); 12) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі - тауарды пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың әдеттегідей жағдайларында немесе жұмысты орындау (қызмет көрсету) процесінде тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы; 13) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы - тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын сипаттамаларының жиынтығы; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжат - қағаз немесе электрондық нысанда берілген бақылау (тауарлық) чегі не кассалық кіріс ордерінің түбіртегі, жыртылатын талон түбіртегі, тиісті түрде ресімделген техникалық паспорт, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, құны, сатып алынған күні, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжат; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды 14-1) техникалық жағынан күрделі тауар - өзін қосылыстың мәні айқындайтын мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бір тұтасты құрайтын көптеген конструкциялық және (немесе) әртекті элементтерді қамтитын, техникалық жағынан күрделі ішкі құрылымы бар азық-түлік емес тауар, оған тек қана көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, су және әуе кемелері жатады; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды 14-2) техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі - техникалық жағынан күрделі тауардың жойылмайтын кемшілігі немесе мөлшерлес емес шығыстарсыз немесе қосалқы бөлшекті беруді күту уақытын қоса алғанда, заңда белгіленген мерзімнен асатын немесе тұтынушы үшін мұндай жоюдың өзектілігі жоғалатындай немесе тауарды нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкін етпейтіндей соншалықты созылатын уақыт шығындарынсыз жоюға келмейтін кемшілігі не тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруге алып келуі мүмкін кемшілік; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) тұтынушы - жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі - тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес - тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды 16-2) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы (одағы) (бұдан әрі - қауымдастық (одақ) - өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету және олардың ортақ мүдделерін қорғау үшін құрылатын, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің ерікті бірігуі; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды 17) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды 2-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: 1) тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау; 2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпараттың қолжетімділігі және дұрыстығы; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларды ағарту, тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың оларды қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралардың дәйектілігіне негізделген тиімді жүйесін қамтамасыз ету; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерінің басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғалуын қамтамасыз ету; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы; 6) тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік саясаттың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттарын әзірлейді; 1-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1-2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды 1-3) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құрады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді; 3) мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 5) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5) тұтынушылардың, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін шағымдарына, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қызметіне талдау жүргізеді; 6) мемлекеттік органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, өздері қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді; 7) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады; 8) оннан астам тұтынушының нақ сол бір мәселе бойынша құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда тұтынушылардың белгіленбеген тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді; 9) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) зерттеулер, ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек және тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруде оларға өкілдік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 11) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 12) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 12) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 13) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте талқыланған нәтижелері туралы баяндама ұсынады, ол бұқаралық ақпарат құралдарында беріледі; 14) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қызметін қамтамасыз етеді; 15) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 16) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде: 1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; 2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады; 5) тұтынушыларға олардың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп келтіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат береді; 6) 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) оннан астам тұтынушының сол бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді; 8) тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер, оларды қарау нәтижелері бойынша статистикалық деректерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы ақпаратты жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жетілдіру қажеттілігі нысанасына талдау жасайды және оның қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды 6-2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы2-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары 2-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті5-бап. Уәкілетті органның құзыреті6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті6-1-бап. Алып тасталды6-2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау6-3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі 3-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ7-бап. Тұтынушылардың құқықтары8-бап. Тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасу құқығы8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар9-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың ағарту және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру құқығы10-бап. Тұтынушылардың тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алу құқығы11-бап. Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құқығы12-бап. Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау құқығы13-бап. Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына құқығы14-бап. Тұтынушылардың тиісті сападағы тауарды айырбастау немесе қайтарып беру құқығы15-бап. Тұтынушылардың тиісті емес сападағы тауар сатылған жағдайдағы құқығы16-бап. Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтету құқығы17-бап. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу құқығы19-бап. Тұтынушының ойын бастамашысына (ұйымдастырушысына) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы бойынша кінә қою құқығы20-бап. Тұтынушылардың тұтынушылар қоғамдық бірлестіктерін құру құқығы21-бап. Моральдық зиянды өтету құқығы22-бап. Алып тасталды 4-тарау. САТУШЫНЫҢ (ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ, ОРЫНДАУШЫНЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ23-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері25-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеті26-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттері27-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері28-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері29-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері30-бап. Сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттері31-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеу жөніндегі міндеттері32-бап. Дайындаушының (орындаушының) тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін және қызмет ету мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттері33-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) иелігінде бақылау-кассалық машинаның және омырау карточкасының болуы міндеттері33-1-бап. Электрондық сауда алаңының міндеттері33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері 5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)34-бап. Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері35-бап. Тұтынушының орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кездегі құқықтары36-бап. Жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) арналған смета37-бап. Жұмысты орындаушының материалынан орындау38-бап. Жұмысты тұтынушының материалынан орындау39-бап. Жұмысты орындағаны (қызмет көрсеткені) үшін ақы төлеу 6-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ40-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері41-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары42-бап. Алып тасталды 6-1-тарау. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар42-1-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың институционалдық жүйесі42-2-бап. Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы42-3-бап. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер42-4-бап. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жүгінуі42-5-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгіну42-6-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушының өтінішін қараудан бас тартуы42-7-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушының өтінішін қарауы42-8-бап. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |