Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері құрылсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: орталық аппараттың функцияларында: 21) тармақша алып тасталсын; 40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «40) республикалық бюджеттің, облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдерді көрсету тәртiбін әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 357) тармақшамен толықтырылсын: «357) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну; Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің қорғалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;»; ведомстволардың функцияларында: 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|