Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3919-нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 21 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 493 416 162 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 28 765 169 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 4 124 995 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 40 000 мың теңге; трансферттер түсiмi бойынша - 460 485 998 мың теңге; 2) шығындар - 491 275 970 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 7 279 787 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 13 215 667 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 935 880 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 693 106 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 693 106 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 5 832 701 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|