|
|
|
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес өнімді көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптарды сақтауды; 7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес халық үшін фитнес қызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес мәдениет объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптарды сақтауды; 11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс алгоритмін сақтауды; 12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде банкет залдарының, түнгі клубтардың, караокенің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмін сақтауды; 17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтауды; 19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды; 20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде CОVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі; 21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін сақтауды; 22) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 23) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді; 24) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес COVID-19 диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдарды сақтауды; 25) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмін сақтауды; 26) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді; 27) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібін сақтауды; 28) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 29) COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша халықты тұрақты ақпараттандыруды қамтмасыз етсін. 2. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған кезде және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырсын. 4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді; 2) барлық босандыру және балалар медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау белгілері бар, ПТР әдісімен COVID-19 инфекциясы расталған жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды; 3) коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер, балалар босандыру және балалардың медициналық ұйымдарына шұғыл жүгінген кезде медицина қызметкерлерінің, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың медициналық көмек көрсетуі үшін мамандандырылған бөлімшелерге емдеуге жатқызылады; 4) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді; 5) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды; 6) патологиялық-анатомиялық қызмет, сот-медициналық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда мәйіттерді ашу (аутопсия) кезінде эпидемияға қарсы шараларды сақтауды – осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды; 7) іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексеруге, тасымалдауға, ошақтағы жұмысқа, емдеуге жатқызуға, емдеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды; 8) денсаулық сақтау ұйымдары үшін СОVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; 9) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізуді; 10) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды; 11) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарға Үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат (бұдан әрі – қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды; 12) осы қаулыға 26, 27, 28-қосымшаларға сәйкес байланыста болғандарды және симптомсыз вирус тасымалдаушыларды медициналық бақылауды және зертханалық тексеруді; 13) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 12 сағат ішінде CОVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «CОVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама беруді қамтамасыз етсін. 5. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды; 2) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі; 3) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді; 4) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 5) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді; 6) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, сырқаттанушылық бойынша ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті; 7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін хабардар етуді қамтамасыз етсін. 6. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҚДСҰО), «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан зертханалар осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді ұйымдастыруды және осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз етсін. 7. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) әлем елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тәулік бойғы мониторингін; 2) Денсаулық сақтау министрлігіне және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ай сайын ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының жаңартылған болжамын ұсынуды; 3) COVID-19-дың расталған жағдайларын, ҚР шекарасынан кесіп өтетін адамдар санын мониторингілеу; 4) халықаралық ұсынымдарға сәйкес (ДДҰ, CDC) COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰСО) филиалының зертхана мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді; 5) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат); 6) күн сайын сағат 8-00-ге қарай Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне өткен тәуліктегі және өсу ретімен өңірлер бөлінісінде тіркелген COVID-19 жағдайларының саны туралы статистикалық деректерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 8. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың азаймайтын қорын; 2) ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді; 3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді; 4) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-мен жеткілікті мөлшерде; 5) COVID-19-ға зерттеуге арналған материалдың үлгілерін өтініштің мақсаты (өздігінен жүгіну, әкелу, профилактикалық тексеру (скрининг) және басқасы) көрсетілген ілеспе құжатпен қабылдауды қамтамасыз етсін. 9. ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертханасы COVID-19 коронавирустық инфекциясын бақылау жөніндегі референс зертхана болып уақытша айқындалсын. 10. Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды. Бұл ретте, шектеу шараларын күшейту 5 күн ішінде эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 5 күннен ерте емес уақытта жүргізіледі. 11. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде және бекітілген контингент арасында карантиндік шараларды қатаңдату/жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ведомствосы қабылдайды. 12. Осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының күші жойылды деп саналсын. 13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 14. Осы қаулы 2022 жылғы 15 наурызда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптар
1. Жұмыс орындарын және келушілер үшін бөлмелерін тұрақты желдетуді өткізу қажет. 2. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді, ғимаратта 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі. 3. Кіреберісте, холлда, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады. 4. Органның (ұйымның) әкімшілігі: 1) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 2) жұмыс күні ішінде маскаларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды; 3) антисептиктермен жұмыс орындарын; 4) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді. 5. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады. 6. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі. 7. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады. 8. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады. 9. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады. 10. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маскані пайдалана отырып жүргізеді. 11. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 2-қосымша
Медицина қызметкерлерінің СOVID-19-ды жұқтыруын болдырмау мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі
1-бөлім. Инфекциялық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі. І. Инфекциялық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу: 1. Инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет. 2. «Таза» аймаққа мыналар жатады: 1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар; 2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс; 3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар; 4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар. 3. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады. 4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет: 1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа; 2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет. 3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс. 4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс. 5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс. 5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет. 6. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т. б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі. Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс. 7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады. 8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс. 9. Лас аймақтағы персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ жұмыс істеуі тиіс. 10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді. 11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі: 1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу; 2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады; 3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді; 4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді. 12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс. 13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді. 14. Инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі. 15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі. 16. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
ІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлардың жұмыс режимі: 17. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет. 18. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті әлеуетті инфекцияланған (инфекция көзі) ретінде қарауға және осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға тиіс. 19. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. 20. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. 21. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет. 22. COVID-19-ға күдікті науқастарға немесе адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздікті бұзу фактілері анықталған жағдайда (көрсетілетін медициналық көмек түрінде ЖҚҚ қорғау деңгейін пайдаланбау немесе сәйкес келмеуі) медицина қызметкеріне респираторлық симптомдардың болуына немесе температураның көтерілуіне 10 тәулік ішінде күнделікті бақылау белгіленеді. Респираторлық симптомдар пайда болғанда немесе температура көтерілгенде медицина қызметкері дереу оқшауланады және емделуге жіберіледі. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда бақылау аяқталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |