Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын. 4. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын; 5. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып; 2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері; 4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 2009.20.03 № 374 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 461 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.08. № 965 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.08.12. № 1487 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді 5-1. ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 аймақаралық салық комитеті» аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын. 7. Осы қаулының 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені таратқаннан кейін қалған мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне беріледі деп айқындалсын. 8. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 2018.12.07. № 422 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 42), 310), 320), 336), 337), 338), 339), 340) және 341) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 281) тармақшасы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 239), 240), 309) және 313) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 241) тармақшасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 286), 287), 288), 289), 290), 291), 297) және 305) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 67) тармақшасы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 38) және 39) тармақшалары 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 296) тармақшасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 356-1), 356-2), 356-3), 356-4), 356-5), 356-6) және 356-7) тармақшалары 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2018.12.07. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.25.03. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2023.01.03. № 172 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады: 1) бюджеттік жоспарлау; 2) бюджетті атқару; 3) бухгалтерлік есеп жүргізу; 4) бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілік; 5) салықтық және кедендік әкімшілендіру; 6) этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу; 7) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы; 8) Қазақстан Республикасының кеден ісі, салық саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік реттеу; 9) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару; 10) бюджеттік кредиттеу; 11) республикалық мүлікті басқару; 12) мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы; 13) ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру; 14) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару; 15) қолданыстағы заңнамамен Министрлік құзыретіне жатқызылған басқа да салаларда. 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) Министрліктің Қазынашылық комитеті; 2) Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті; 3) Министрліктің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті; 4) Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысымен (2022 ж. 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.16.11. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда 9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
ҚР Үкіметінің 2023.01.03. № 172 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Міндеттері: 1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті, мемлекеттік қаржы статистикасын жүргізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау; 2) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалу мен аударудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету; 4) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; 5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; 6) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi бұйымдарының өндiрiсi мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның айналымын мемлекеттiк реттеу; 7) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорлары қоспағанда) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыру; 8) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлiк есебі мен қаржылық есептiлiгі саласындағы, аудиторлық қызмет салаларындағы қызмет реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін, бағалау қызметін бақылауды жүзеге асыру және бағалау қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыру; 9) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлiк есебі мен қаржылық есептiлiгі, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету; 10) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру; 11) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігін іске асыруды үйлестіру. 1) құқықтары: мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан және өзге де адамдардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және оларға беру; салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыру; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру; сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту; Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және даярлауды жүзеге асыру; Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауапкершілікке тарту; құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу; Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу; ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру; уәкілетті орган айқындаған тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісімдер жасасу; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру; 2) міндеттері: Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау; заңнамада айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан жеке және заңды тұлғалардан, еншілес компаниялардан қажетті құжаттарды, айқындалған нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау; тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру; халықаралық шарттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда шет мемлекеттің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыру; құзыреті шегінде темекі бұйымдарын өндірушілерге темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру туралы сұрау салуды жолдау; оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не оңалтуды басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберу; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану; бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қараусыз қайтару; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2022.07.06. № 375 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 834 Қаулысымен (2022 ж. 14 қарашадан, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.16.11. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.13.02. № 121 Қаулысымен (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.01.03. № 172 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.27.04. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді 15. Функциялары: 1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептілік, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешілік әріптестік, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы мемлекеттік реттеу, сондай-ақ материалдық емес активтерді, этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді, мұнай өнімдері мен биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаржы активтерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жинақтау жөніндегі саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатын іске асыру; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторингтеу саласындағы басшылық жасау; 3) бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 4) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджетке, Ұлттық қорға түсетін түсімдерді болжауға қатысу; 5) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық; 6) мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, аудиторлық қызмет, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық жасау; 7) Министрліктің құзыреті шегінде құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау; 8) республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қызметін үйлестіру; 9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы есеп жасау; 10) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық ақпарат дайындау; 11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыру; 12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхаттарға қорытындылар беру; 13) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту; 14) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту; 15) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 16) бағалау стандарттары мен бағалау қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзiрлеу және бекіту; 17) бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 18) бағалау туралы есепке сараптама жүргізу қағидаларын, сараптамалық қорытындыға және оны бекіту тәртібіне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 19) бюджеттік кредиттер беру, оларға қызмет көрсету, оның нысаналы пайдаланылуын бақылау және қайтарылуын қамтамасыз ету; 20) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемдерін айқындау; 21) мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау және ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсыну; 22) мемлекеттік қаржы статистикасын жүргізу; 23) мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептер жасау; 24) мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау; 25) мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру; 26) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау жөнінде мемлекеттік кепілдіктер беру; 27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасу; 28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу; 29) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қабылдауды және орындауды есепке алуды жүзеге асыру; 30) Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету; 31) уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен уәкілетті тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысандарын әзірлеу және бекіту; 32) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру және оны жүргізу бойынша жалпы әдіснамалық және әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету; 33) мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты, сондай-ақ мемлекеттің өз кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптарын алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингі; 34) экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттемелердің, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың мониторингі және оны басқару; 35) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды келісу; 36) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру тәртібін айқындау; 37) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын айқындау; 38) экономика саласындағы келеңсіз процестердің алдын алу және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну; 39) жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру тәртібін әзірлеу және бекіту; 40) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіби аудиторлық ұйымды, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын әзірлеу және бекіту; |