|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; 2018 ж., № 12, 38-құжат): 1) 56-баптың 2-тармағындағы «сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 73-баптың 1-тармағындағы «(республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының)» деген сөздер «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 76-баптың 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 4) 82-баптың 1-тармағындағы «(республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы)» деген сөздер «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат; № 21, 103-құжат): 1) 12-баптың 4) тармақшасындағы «Астана және Алматы қалаларындағы» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 14-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «Астана және Алматы қалалары» деген сөздер «республикалық маңызы бар қала және астана» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 16-баптың 1-тармағының 5), 6) және 8) тармақшаларындағы «облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы» деген сөздер «облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 56-баптың 2-тармағындағы «Астана және Алматы қалаларындағы» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 28-і. № 209-VI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |