Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы (2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегi № 645 қаулысымен бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді: 1) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы; 3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы; 4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы; 5) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы; 6) «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы; 7) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы; 8) ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады: 1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды; 2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады; 3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Холдинг) және «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазАгроИнновация» АҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; 4) Холдингті және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ны корпоративтік басқаруды жүзеге асырады. 2-1. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады. 4. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.08. № 659 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. 6. Мамандандырылған ұйымдар бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.
|