Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы (2016.22.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 19-2-бабының 2-тармағына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешов 30 наурыз 2015 ж.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.Досаев 8 маусым 2015 ж.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.Школьник 16 наурыз 2015 ж.
Ауыл шаруашылығы министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|