|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 1) 3-бапта: 16) тармақтағы «Парламент» деген сөз «Қазақстан Республикасы Парламентінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) және 29) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «27) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам - мемлекеттік қызметтегі адам, мәслихат депутаты, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанына дейін уақытша атқаратын адам, сондай-ақ офицерлер құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әскери лауазымына уақытша тағайындалған немесе оның міндетін уақытша атқаратын адам;»; «29) сыбайлас жемқорлық қылмыстар - осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер;»; 2) 189-бапта: үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 3) 190-бапта: үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 4) 297-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші немесе екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 345-1-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 347-баптың бірінші абзацы «345,» деген цифрлардан кейін «345-1 және» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 372-баптың екінші абзацында: «екі мың» деген сөздер «үш мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «алты жүз» деген сөздер «тоғыз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 423-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ескертілген адамның не олар қызметі, жұмысы бойынша не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылған немесе белгілі болған адамның жария етуі, егер сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерін жария ету прокурордың келісуінсіз, сондай-ақ жабық сот талқылауының деректерін жария ету судьяның келісуінсіз жасалған болса -»; 9) 424-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету»; бірінші бөлікте: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету, егер бұл іс-әрекетті көрсетілген мәліметтер оның қызметтік жұмысына байланысты сеніп тапсырылған немесе белгілі болған адам жасаса, сол сияқты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпаратты жария ету, егер бұл іс-әрекетті өзімен көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған адам жасаса -»; екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 1) 35-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «(сыбайлас жемқорлық)» деген сөздер алып тасталсын; 2) 96-баптың төртінші бөлігіндегі «жіберіле» деген сөз «табыс етіле» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 97-бапта: бірінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3) оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады;»; төртінші, 4-1 және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «4. Куәгерлердің, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының жеке қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету тәртібі «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 4-1. Қылмыстық қудалау органы «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын қабылдаған кезде құпиялылық сақтала отырып, жиырма төрт сағат ішінде қадағалаушы прокурор хабардар етіледі.»; «6. Қауіпсіздік шараларының күші оларды қолдану қажеттілігі жойылғанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың уәжді қаулысымен, соттың үкімімен, ал қорғалатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурордың не соттың қаулысымен жойылады. Қорғалатын адам өзінің қауіпсіздігі шараларының күшінің жойылғандығы немесе қылмыстық процеске қатысатын адамдарға ол туралы деректердің ашылғандығы туралы дереу хабардар етілуге тиіс. Қорғалатын адамның «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жеке қауіпсіздік шарасын қолдану туралы не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешімге сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым жасалатын шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.»; 4) 187-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 216 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 307 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында), 364, 365, 366, 367, 368, 369 және 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушілері жүргізеді.»; 5) 190-бапта: 4-3-бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын; жетінші бөліктің бірінші абзацындағы «, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу» деген сөздер алып тасталсын; 6) 192-2-бапта: бесінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын; алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы «, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу» деген сөздер алып тасталсын; 7) 193-бапта: екінші бөліктің үшінші абзацындағы «облыстар прокуратураларының» деген сөздер «облыстар прокуратураларының құрылымдық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлікте: бірінші абзацтағы «Прокуратура басшысы» деген сөздер «Прокуратура органының басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «прокуратура басшысының» деген сөздер «прокуратура органы басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 288-баптың төртінші бөлігіндегі «мәжбүрлеу, тергеу және процестік әрекеттер шараларының күшін жою туралы нұсқау, заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы, сондай-ақ адамға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе оны одан әрі жүзеге асыру» деген сөздер «мәжбүрлеу шараларының, тергеу және процестік әрекеттердің күшін жою, заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы нұсқау, сондай-ақ егер қорғалатын адамға қатысты жеке қауіпсіздік шаралары қолданылған болса, олардың күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 327-бапта: екінші сөйлем «дәлелдемелер» деген сөзден кейін «, егер қорғалатын адамның қауіпсіздігі шаралары қолданылған болса, олардың күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын: «Қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру туралы шешім қабылданған кезде қаулының көшірмесі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін органдарға жіберіледі.»; 10) 401-баптың бірінші абзацының 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселенің шешімі;»; 11) 476-бап 23) тармағындағы «туралы мәселелерді қарау жатады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақпен толықтырылсын: «24) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселелерді қарау жатады.». 3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 1) 22-баптың 1-тармағы 25) тармақшасындағы «алуға құқығы бар.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын: «26) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға құқығы бар.»; 2) 23-баптың 2-тармағы 28) тармақшасындағы «етуге міндетті.» деген сөздер «етуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын: «29) жұмыскер өзі жұмыскері болып табылатын ұйымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында жүгінген кезде осы жұмыскермен оның ниеті болған кезде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.»; 3-тармақтың 3) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 3) 26-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) жұмысқа орналасқанға дейін үш жыл ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған адамды квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға;»; 4) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Адам азаматтық қызметтің мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымына немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі жұмысқа кірген кезде жұмыс беруші осы адамға қатысты оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы талап етіп алдырады. 3-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Адам азаматтық қызметтегі немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кірген кезде жұмыс беруші осы адамға қатысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты теріс себептер бойынша жұмыстан шығару немесе атқарып жүрген лауазымынан босату, сол сияқты өкілеттіктерін тоқтату туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы талап етіп алдырады.»; 3-тармақтың 5) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 5) 52-баптың 1-1-тармағы 2) тармақшасындағы «жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға жатады.» деген сөздер «жасаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес теріс себептер бойынша атқарып жүрген лауазымынан шығаруға немесе босатуға, сол сияқты өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамның шығыстары өз кірістеріне сәйкес келмеген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуға жатады.»; 3-тармақтың 6) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 6) 53-бап мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын: «13. Осы Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның хабарламасы негізінде жүргізіледі.»; 7) 137-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында қабылдаушы тарапқа жұмысқа орналасуға тыйымдар мен шектеулер белгіленсе, онда бұл тыйымдар мен шектеулер жіберуші тараптың қабылдаушы тарапқа жіберілетін жұмыскеріне қолданылады.»; 8) 139-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Азаматтық қызметтің мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымдарына: 1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 3-тармақтың 8) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 2) азаматтық қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған адам қабылдана алмайды.»; 9) 159-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған, ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына ақпарат беру арқылы осы ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) жұмыскер тарапы болатын жеке еңбек дауы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапта белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі міндетті түрде шақырыла отырып және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде құпиялылық қамтамасыз етіле отырып қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілін шақыру осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның хабарламаны және еңбек дауына байланысты тиісті материалдарды еңбек дауы қаралғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның қаралатын орны мен уақытын көрсете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жіберуі арқылы жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі еңбек дауын қарауға келмеген жағдайда келісу комиссиясының отырысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен оның қатысуынсыз өткізіледі. Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің талаптары уәкілетті мемлекеттік органдар жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарын қабылдаған күннен бастап немесе ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл бойы қолданылады. Ұйымның басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек дауын қарау қажеттілігі туралы хабарламасы келіп түскен жағдайда жұмыс беруші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен осы дауды қарау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.». 4. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына: 10-баптың 1-тармағы д) тармақшасындағы «қажеттігі негіздер болып табылады.» деген сөздер «қажеттігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын: «е) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қаулылар шығарған қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі негіздер болып табылады.». 5. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) өздеріне қатысты қылмыстық процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы шешім қабылданған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің күштерін, құралдарын, нысандарын, әдістерін және нәтижелерін ашатын мәліметтер, осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер олар санамаланған мәліметтерді ашатын болса, сондай-ақ өздеріне қатысты «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шаралары қолданылған адамдар туралы мәліметтер;». 6. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-2 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-2-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарын мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету оларға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қатері төнген кезде қолданылатын, осы Заңда көзделген қауіпсіздік, құқықтық және әлеуметтік қорғау шараларын (бұдан әрі - мемлекеттік қорғау шаралары) уәкілетті мемлекеттік органдардың жүзеге асыруынан тұрады. 2-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдар 1. Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін: 1) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын орган; 2) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қамтамасыз етеді. 2. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери басқару органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне жүктеледі. Бұл ретте жекелеген қауіпсіздік шаралары өзге уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады. Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігі шараларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша бекітетін бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалады. 3. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдаған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған орган не судья айқындаған өзге де қылмыстық қудалау органы, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелер мен органдар, сот приставтары қауіпсіздік шараларын орындайды.»; 2) 3-бапта: бірінші бөлікте: мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын: «6-3) қылмыстың алдын алуға немесе оларды ашуға ықпал ететін адамдар;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) куәлер, қорғалуға құқығы бар куәлер;»; екінші бөлік алып тасталсын; 3) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қатері туралы жеткілікті деректер болған кезде қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар өз құзыреті шегінде осы Заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қабылдауға міндетті.»; 4) 7 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Қауіпсіздік шараларының түрлері 1. Анықтауды, алдын ала тергеуді жүргізу кезінде немесе сот талқылауы барысында қорғалатын адамдардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процесті жүргізетін орган нақты мән-жайларды ескере отырып, мынадай қауіпсіздік шараларын қолдануға құқылы: 1) күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер қатерін төндіретін адамға оның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін екендігі туралы ресми алдын ала ескерту; 2) қорғалатын адам туралы мәліметтерге қолжетімділікті шектеу; 3) қылмыстық процеске қатысушы адамдарға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық іс-әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкіндігін болғызбайтын бұлтартпау шарасын Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен айыпталушыға (күдіктіге) қатысты қолдану; 4) жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жіберу; 5) соттың жабық отырысын өткізу; 6) соттың куәден: бүркеншік атын пайдалана отырып, оның жеке басы туралы деректерді жарияламай;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |