Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысанын, ұсыну қағидаларын және мерзімін бекіту туралы (2024.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024.22.01. № 27 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2018.04.01. № 6 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024.22.01. № 27 бұйрығымен (2024 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024.22.01. № 27 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын айналымы бойынша декларация нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|