| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 43-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің 2) тармақшасы «ауыл шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 127-баптың 1-тармағында: екінші бөлік: «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы» деген сөздермен толықтырылсын; «бойынша» деген сөзден кейін «жоспардан тыс (алдын алу)» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөлік «сақталып тұруына» деген сөздерден кейін «жəне бүтіндігіне» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдалану шылар археологиялық жұмыстардың жүргізілуіне кедергі келтірмейді.». 2. «Мəдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 12-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12-3) мемлекеттік музей қоры (бұдан əрі - музей қоры) - мемлекеттік музейлер, əртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері қорларындағы, сондай-ақ мəдени құндылықтарды сақтауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардағы мəдени құндылықтар туралы мəліметтер жиынтығы;»; 2) 8-баптың 2) тармақшасы «музей ісі» деген сөздерден кейін «, тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 19-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын: «тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану жөніндегі ұйымдар;»; 4) 32-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар;». 3. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 3-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 1) 1-бапта: 28-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «28-2) кəмелетке толмағандарға көрсетілетін білім беру-сауықтыру қызметтері - кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асыратын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын, балаларды дамытуға, оқытуға жəне сауықтыруға бағытталған іс-шаралар мен көрсетілетін қызметтер кешені;»; мынадай мазмұндағы 28-3) тармақшамен толықтырылсын: «28-3) кəмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары - ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау жəне оларға беру үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық жəне қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ əлеуметтiк бейiмсiздiкке жəне əлеуметтiк депривацияға алып келген қатыгездiкпен қарау салдарынан арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдауды жəне уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;»; 2) 5-баптың бірінші бөлігінде: 3-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 21) тармақшадағы «балаларға» деген сөз «кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) тармақшадағы «балаларға арналған мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту жəне қосымша білім беру бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 3) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламалары;»; 4) 40-бапта: 3-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 1-тармақ «оқу бағдарламаларын» деген сөздерден кейін «, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 4-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын; 3-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 5) 57-бапта: 3-1-тармақта: мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар жəне (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.»; бесінші бөлікте: 1) тармақша «ұйымдарының» деген сөзден кейін «, сондай-ақ кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша «ұйымдарының» деген сөзден йін «, кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы бөліктің 1) тармақшасындағы «төртінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 68-бапта: 3-тармағының 6) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 2-1-тармақта: екінші абзацтағы «Мектепке дейiнгi» деген сөздер «Кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «Балаларға» деген сөз «Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы «Мектепке дейінгі» деген сөздер «Кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы «Мектепке дейiнгi» деген сөздер «Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейiнгi» деген сөздермен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацта: «Мектепке дейінгі» деген сөздер «Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «мектепке дейінгі тəрбие беру мен оқыту жəне балаларға қосымша білім беру бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 2-2-тармақ алып тасталсын. 4. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 4-тармағының 1) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 1) 53-баптың 1-1-тармағындағы «қаңтарға» деген сөз «сəуірге» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 1-қосымшада: 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
»; мынадай мазмұндағы 2-1-жолмен толықтырылсын: «
»; 4-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 3-жолдың 9-тармағының 4-бағанындағы «1 жыл» деген сөздер «5 жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізіледі 3) 3-қосымшаның 12-1-тармағындағы «Балаларға» деген сөз «Кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 3-бапта: 2) жəне 3) тармақшылар мынадай редакцияда жазылсын: «2) археология ескерткіштері - археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру арқылы анықтауға, зерттеуге жəне сақтауға жататын тұрақтар, қалашықтар, құрылыстардың, қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, қорымдар, қорғандар, некропольдер, мегалиттік құрылысжайлар, балбал тастар, петроглифтерді қоса алғанда, жартастағы бейнелеу өнерінің объектілері, елді мекендердің тарихи-мəдени қабатының учаскелері жəне өткен тарихи кезеңдегі адамның өмірі мен қызметінің ізі бар өзге де объектілер; 3) археологиялық жұмыстар - археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы тарихи-мəдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу жəне сақтау жөніндегі жоспарлы немесе жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар;»; мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7), 3-8) жəне 3-9) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерінің тізілімі - археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерінің археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалып тастырылатын тізбесі; 3-2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімі - археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптас тырылатын тізімі; 3-3) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе - археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 3-4) археологиялық материал - археологиялық жұмыстар барысында анықталған жəне ғылыми зерттеу объектілері ретінде құндылығы бар заттар мен үлгілер; 3-5) жалпы археологиялық олжалар - ерекше құндылығы жоқ жəне жиынтығында зерттелетін тарихи-мəдени мұра объектісінің мəдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсе тетін, фрагменттер, бөлшектер немесе көптеген бір типті заттар түріндегі археологиялық олжалар; 3-6) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар барысында алынған жəне Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийінде сақталуға жататын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың жиынтығы; 3-7) жеке-дара археологиялық олжалар - ерекше тарихи, мəдени, ғылыми құндылығы бар жəне зерттелетін тарихи-мəдени мұра объектісінің мəдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін археологиялық олжалар; 3-8) жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар - игерілуге жататын жер учаскелерінде орналасқан жəне (немесе) бұзылу қаупі төнген тарихи-мəдени мұра объектілерін археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы анықтау, зерттеу жəне сақтау жөніндегі жұмыстар; 3-9) жоспарлы археологиялық жұмыстар - археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылатын, тарихи-мəдени мұра объектілерін археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы анықтау, зерттеу жəне сақтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары;»; 2) 10-бапта: 23) тармақшадағы «жəне (немесе)» деген сөздер «жүзеге асыру жөніндегі қызметті,» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын: «23-1) тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»; 3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау 1. Тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану саласындағы қызмет осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасына сəйкес лицензиялануға жатады. 2. Тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің жəне қызметтің осы түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында орта техникалық жəне кəсіптік білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маманы немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі жəне осы салада ғылыми дəрежесі немесе бейіні бойынша магистр, доктор, философия докторы (PhD) дəрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкері болуға тиіс. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің жəне қызметтің осы түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі жəне осы салада ғылыми дəрежесі немесе бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дəрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкері болуға тиіс. Тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке жəне (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мəлімдей алмайды. 3. Тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды уəкілетті орган жүзеге асырады. 4. Лицензиар Қазақстан Республикасының тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда, тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке жəне (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады. 5. Лицензиар Қазақстан Республикасының тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы заңнамасының талаптарын сақтамау салдарынан лицензиаттың кінəсінен тарихи-мəдени мұра объектісі немесе тарих жəне мəдениет ескерткіші физикалық тұрғыдан толық немесе ішінара жойылған жағдайда, тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке жəне (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиядан айырады. 6. Тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке жəне археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиялар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.»; 4) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тарих жəне мəдениет ескерткіштерін пайдалану кезінде олардың бүлінуіне, қирауына жəне (немесе) тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мəдени құндылығы мен сақталуына өзге де нұқсан келтіруге жол берілмейді.»; 5) 28-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «28-бап. Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің жəне археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау аймақтары»; мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 2-1-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында əрбір тарихи-мəдени мұра объектісіне қорғау аймағы белгіленеді. Археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектісін қорғау аймағының шекараларын айқындауды осы тарихи-мəдени мұра объектісін анықтаған жеке немесе заңды тұлға жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша жүзеге асырады.»; «2-1. Жергілікті атқарушы органдар тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының жəне қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының, сондай-ақ тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының белгіленген шекаралары туралы кеңістіктік деректерді интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы кейіннен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында жариялау үшін археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастыруды, жинауды жəне жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.»; 6) 30-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлік: «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы» деген сөздермен толықтырылсын; «бойынша» деген сөзден кейін «жоспардан тыс (алдын алу)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын: «Археологиялық барлау арқылы жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар жүргізу нəтижесі бойынша тарихи-мəдени сараптама қорытындысы беріледі. Тарихи-мəдени сараптама жүргізген жеке немесе заңды тұлға тарихи-мəдени сараптама қорытындысы берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін жіберу арқылы жергілікті атқарушы органдарды осындай сараптаманың нəтижелері туралы хабардар етеді. Археологиялық барлау арқылы жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар жүргізу нəтижесі бойынша берілген тарихи-мəдени сараптама қорытындысы археологиялық қазбалар арқылы жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар жүргізуге негіз болып табылады. Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар аумақты игеретін жеке жəне заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.»; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «Жер учаскелерін игеру сатысында тарихи-мəдени мұра объектілері анықталған кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары табылғаны туралы хабарланған кезден бастап бір ай ішінде оларды» деген сөздер «Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар барысында тарихи-мəдени мұра объектілері анықталған кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тарихи-мəдени сараптама қорытындысының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олар туралы мəліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «Жер учаскелерін игеру» деген сөздер «Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 7) 32-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжат тамасы тарих жəне мəдениет ескерткіштерін бейімдеу қажет болған жағдайда оларды қорғау аймақтарындағы жұмыстарға қойылатын талаптарды көздеуге тиіс.»; 4-тармақтағы «жəне (немесе) археологиялық жұмыстарды» деген сөздер алып тасталсын; 8) 34-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «34-бап. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру»; 1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жəне (немесе)» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақта: бірінші жəне екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «2. Археологиялық жұмыстар жоспарлы жəне жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар болып бөлінеді. Жоспарлы археологиялық жұмыстар уəкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады. Жоспарлы археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар осы Заңның 30-бабына сəйкес жүргізіледі.»; 3-тармақтағы «объектіні консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, археологиялық жұмыстар жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді қалпына кел тіруге» деген сөздер «объектіде консервациялау-рекультивациялау жұмыстарын жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде іздестірудің арнаулы техникалық құралдарын (металл іздегіштер, радарлар, магниттік аспаптар, топырақ қабатында археологиялық заттардың болуын айқындауға мүмкіндік беретін басқа да техникалық құралдар) немесе жер қазатын машиналарды археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың ғана пайдалануына жол беріледі.»; 9) мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2 жəне 34-3-баптармен толықтырылсын: «34-1-бап. Ұлттық археологиялық қызмет 1. Ұлттық археологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Ұлттық археологиялық қызмет: 1) археологиялық жұмыстарды мониторингтеуді жүзеге асырады; 2) археологиялық жұмыстарды ғылыми-əдістемелік сүйемелдеуді жүргізеді; 3) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүргізеді; 4) археологиялық жұмыстар жүргізу нəтижесі бойынша есептерді жинауды, талдауды жəне жүйелеуді жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады. 34-2-бап. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе 1. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 2. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің міндеттері мыналар болып табылады: 1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілері жəне оларды зерттеу мен сақтау нəтижелері туралы деректерді жинау, жүйелеу, цифрлау, сақтау; 2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар туралы мəліметтерді жинау жəне жүйелеу; 3) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге жəне сақтауға жəрдемдесу. 3. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені қалыптастыру көздері мыналар болып табылады: 1) бейне-, фото- жəне баспа өнімдері; 2) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілері туралы мəліметтерді қамтитын баспа жəне қолжазба мəтіндері; 3) археология ескерткіштерінің паспорттары, қорғау міндеттемелері, оларды қорғау аймақтарын айқындау туралы шешімдер; 4) ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы авторефераттар, диссертациялар, есептер; 5) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерімен байланысты басқа да материалдар. 4. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе: 1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерінің тізілімін; 2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін; 3) осы Заңға сəйкес археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерінің сақталуына жауапты жеке жəне заңды тұлғалар туралы мəліметтерді; 4) тарихи-мəдени сараптама қорытындыларын; 5) осы баптың 3-тармағында көрсетілген қалыптастыру көздерінің базасында қалыптастырылған деректерді қамтиды. 34-3-бап. Археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар 1. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нəтижесінде Қазақстан Республикасының жəне басқа мемлекеттердің жеке жəне заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжалар уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. 2. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нəтижесінде Қазақстан Республикасының жəне басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беріледі жəне уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосылады. 3. Археологиялық олжаларды жеке-дара немесе жалпы археологиялық олжаларға жатқызуды археологиялық жұмыстар барысында оларды анықтаған жеке немесе заңды тұлға жүзеге асырады. 4. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры ның сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін жəне пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Жеке жəне заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнамасын сақтай отырып, Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына еркін жəне өтеусіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі. 5. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжалар уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі.»; 10) 36-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |