Осы редакция 2015 жылғы 18 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына 1-қосымша
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, және Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі - кеңсе); 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|