|
Шымкент қаласы дәріхана Ұйымдарын дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мониторингтік топ құру туралы
Карантин кезеңінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезінде короновирустық инфекция COVID-19-дың және жіті респираторлы вирустық ауруы таралуының алдын алу, Шымкент қаласының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті (бұдан әрі - Департамент), Департаментке қарасты аудандық Басқармалары, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» Шымкент қаласының фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы және фармацевтикалық қауымдастығы, бірлесіп мониторингтік тобын құрсын. 2. Мониторингтік топ Шымкент қаласы дәріханаларында дәрілік заттардың болуына күн сайын мониторинг жасасын. 3. Мониторинг 56 дәрілік заттардың сауда атауы бойынша № 1 Қосымшаға сәйкес жүргізілсін. 4. Шымкент қаласының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілері, дәрілік заттардың өндірушісі «Химфарм» АҚ күн сайын сағат 17.00-ге дейін дәрілік заттардың болуы және жоспарланған жеткізілімдері туралы ақпарат туралы Департаментке ақпарат берісін. Дәрілік заттардың сауда атаулары болмаған жағдайда № 1 Қосымшаға сәйкес басқа сауда атауларымен дәрілік заттардың аналогтары бойынша ақпарат ұсынылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|