Өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 102 бұйрығымен бекітілген
Өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|