Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы (2016.18.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысымен бекітілген
Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайда, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрі - ғарышкерлікке кандидат) - алдын ала іріктеуден өткен және ғарышкер біліктілігін алу үшін даярлыққа жіберілген Қазақстан Республикасының азаматы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|