Осы редакция 2016 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығына 3-қосымша
«Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - РЖС пайдалануға рұқсат); мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
2. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 «Байланыс саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11380 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі-өтінім) болуы болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдары) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|