Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына 4-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021.20.08. № 337 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі - портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал немесе мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі арқылы Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|