Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығына 3-қосымша
«Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрстілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқсат беру кезінде - 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей. есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқсатты қайта ресімдеу кезінде - 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей. Көрсетілетін қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Қызмет беруші ұсынылған құжаттардың толық емес фактісін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|