|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (2025.01.01. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. ҚР Қаржы министрінің 2024.16.08. № 552 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында: 287-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдарда орналастырылған ақпаратты беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштермен басылған дыбысталған кітаптарды, рельефті-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған тифлоқұралдарды сатып алу;»; 297-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «297-6. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарлама жіберілген сәттен бастап үш сағат ішінде жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18:00-ге дейін) растайды. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағатты есептеу сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|