«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясаты осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 80 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысымен бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясаты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) дивидендтік саясаты (бұдан әрі - дивидендтік саясат) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қордың жарғысына және оның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|