«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (2018.14.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын: 1) Алматы қаласы әкімдігінің «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/342 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1048 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы; 2) Алматы қаласы әкімдігінің «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 11 мамырдағы №2/342 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қазандағы № 4/839 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1096 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы. 3. Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|