Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 179 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты және облыс прокурорларының ұсыныстарын есепке алып бұйрықтарды жетілдіру мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жұмысының Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылдың 18 қазанындағы № 95 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жұмысының Регламентіне: 87 тармақ келесі редакциядағы бөліктермен толықтырылсын: «Бас прокуратура актілерінің жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Жұмыс топтарының құрамына Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің, Институттың, облыс және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметкерлері кіреді. Бас прокуратура актілерінің жобаларын әзірлеу кезінде жұмыс топтарының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілуі мүмкін. Жұмыс тобын құру туралы шешім, оның жеке құрамы және жұмыс тәртібі Бас Прокурордың өкімімен бекітіледі.»; 88 тармақтың 2 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бас Прокурормен және/ немесе оның орынбасарларымен негізгі орындаушы ретінде нормативтік құқықтық актімен реттелетін салада қадағалау функциясын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше анықталады (бұдан әрі - негізгі орындаушы)»; 88 тармақтың 6 бөлігі келесі редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|