Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3511 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет осы шешімнің қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 28 693 800,1 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 20 042 310,1 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 119 687 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 993 604 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 4 538 199 мың теңге; 2) шығындар - 28 454 618 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 655 679,8 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 1 656 109,8 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 430 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 416 497,7 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 416 497,7 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімдері - 1 656 109,8 мың теңге; қарыздарды өтеу - 725 226 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|