«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аукциондық баға - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға; 2) биогаз - ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі; 3) биомасса - биологиялық органикалық қазбалы емес материалдар; 4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - қаржы-есеп айырысу орталығы) - жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|