Осы редакция 2018 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына 2-қосымша
Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары
1. Осы мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды. 2. Мәдениет және өнер саласындағы ТжКБ беру ұйымдарында (бұдан әрі ТжКБ беру ұйымдары) бiлiм негізгі орта, (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білім беру базасында, училищелерде және колледждерде алынады. 3. ТжКБ беру ұйымдарының негізгі мiндеттері: 1) мәдениет және өнер саласында болашақ маманның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 2) білім алушылармен кәсіби бағдарлану жұмыстарын қамтамасыз ету; 3) білімге негізделген қоғамда әркімге өз жеке қабілетін максималды түрде қолдануға көмектесу үшін, өнер мен мәдениет мекемелерінде теориялық оқыту мен кәсіби практика арасындағы байланыспен қамтамасыз ететін оқыту жүйесін дамыту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|