Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы (2021.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы; 2) Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар: 1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын; 2) жылдың қорытындылары бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2016.31.05. № 321 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваға жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы 2012 жылғы 10 шілдедегі Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмасын орындау үшін әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2016.31.05. № 321 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Кіріспе
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|