1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгi принциптері туралы (Мәскеу қ., 2000 ж. 20 маусым) (2003.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2001 ж. 2 сәуірдегі № 174-II ҚР Заңымен келісім бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттың мақсаттары мен принциптерін басшылыққа ала отырып, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң ұжымдық қауiпсiздiгi жүйесiн қалыптастыруда өзiнiң iс жүзiндегi ынтымақтастыққа даярлығын қуаттай отырып, әскери-техникалық ынтымақтастықтың ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн қалыптастырудағы аса маңызды факторлардың бiрi деп тани отырып, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттың ережелерiн iс жүзiнде iске асыру мақсатында әскери-техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру кезінде Тараптардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың негiзгi принциптерін белгілеуді мақсат ете отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн төменде аталған терминдер мыналарды бiлдiредi: әскери-техникалық ынтымақтастық - әскери мақсаттағы өнiмдi сыртқа шығару мен әкелуге, оның iшiнде жеткiзу мен сатып алуға, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнiмдi әзiрлеу мен өндiруге байланысты халықаралық қатынастар саласындағы iс-әрекет; уәкiлеттi органдар - ұлттық заңдарда белгiленген, қарауында әскери-техникалық ынтымақтастықты мемлекеттік реттеу мәселелерi болатын, мемлекеттік басқару органдары; әскери-техникалық ынтымақтастық субъектiлерi - Тараптардың ұлттық заңдарға сәйкес әскери мақсаттағы өнiмге қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген мемлекеттік органдары мен/немесе ұйымдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|