Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2015.16.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-тармағының сегізінші абзацын, 10-тармағының он төртінші абзацын, 14-тармағының төртінші, бесінші, жетінші, он бесінші, жиырмасыншы абзацтарын, 17-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1413 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 20-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесінде: 7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерінде су қорғау аймағы және су объектілерінің жағалауларындағы белдеулер үшін жер учаскелері бөлінбейді.». 3. «Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 22-құжат): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|