«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 16757 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тiзбесi бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|