Осы редакция 2016 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 160/5 қаулысымен бекітілді
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚО); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ХҚО-да - Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама беру, тиісті анықталған жағдайлар кезінде косымша медициналық қарауға наркологиялық диспансерге жіберіледі; денсаулық сақтау ұйымдарында - Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы нарколог дәрігердің анықтама беруі, тиісті анықталаған жағдайлар кезінде қосымша медициналық тексеру жүргізіледі. Нарколог-дәрігердің және анықтаманы берген медициналық тіркеушінің қолы қойылған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|